«Рухани жаңғыру- болашаққа бағдар» бағдарламасын іске асыру мақсатында ағымдағы жылдың 6 қарашасында  Ғ.Қайырбеков атындағы №9 орта мектебінде мемлекеттік тілде оқытатын 3-4 сынып оқушылары үшін «АТАЖҰРТ» қалалық этнографиялық зияткерлік сайысы өтті.

Байқау қала мектептерінің арасында екінші жыл өткізіліп жатыр. Оның идеялық ұйымдастырушысы - №9 ОМ мұғалімі Ергалиева Мертай Амановна болып табылады. Байқаудың мақсаты-оқушылардың зияткерлік-шығармашылық әлеуетін дамыту, мемлекеттік тілде оқытатын мектептер арасында сабақтастықты орнату, сондай-ақ өскелең ұрпақ арасында Г. Қайырбеков шығармашылығын насихаттау.

Қалалық байқауға қаладағы қазақ және аралас мектептерден 11 мектеп командасы қатысты. Олар:№1 МЛ, №9 ОМ, №10 ОМ, №11 ОМ, №15 ОМ, №17 ОМ, №18МГ, №20 ОМ, №24 МГ, №29 ОМ, №115 ОМ.  Ол алты кезеңнен тұрды:

  • бірінші кезеңде командалардың өзін-өзі таныстыруы;
  • келесі кезең «Өткел» деп аталып, оқушылар Қазақстан тарихы, мәдениеті, дәстүрлері туралы білімдерін көрсетті;
  • келесі кезеңдерде латын әліпбиін үйрену мақсатында «Zerek bala», «Sozdi tap» электрондық қосымшаларымен жұмыс жасалды;
  • -соңғы кезеңде Г.Қайырбековтың өмірі мен шығармашылығына экскурсия жасалып, мәнерлеп оқу сайысы жалғасты.

Жоғары нәтиже көрсеткен командалар қалалық білім бөлімінің грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды:

  • 1 орын № 24 МГ (басшы Антаева М.Т.),
  • 2 орын № 9 ОМ (басшылары Ермаганбетова Г.К., Якупова Н.А., Жумагулова Г.Б.)
  • 3 орын №15 ОМ (басшы Иралинова Л.М.) мен №17 ОМ (басшы Балесова З.А.)

Өлеңдерді мәнерлеп оқу байқауында № 9 орта мектебінің оқушысы Ибраев Диас пен № 17 орта мектебінің оқушысы Кылышбай Самрат ерекше көңілге ие болды.

12345

 

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz