Күзгі демалыста «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында №3 мектеп – гимназиясының 4 «В» сынып оқушылары, сынып жетекшісі Абдуалиева Майраш Жумадильевна басшылығымен Қазақстан аумағында Ақмола облысының шағын кентінде орналасқан Бурабай курорттық аймағына танымдық саяхат жасады.

Экскурсия кезінде балалар курорттық аймақтың ескерткіштері мен көрікті жерлері туралы көп қызықты мәлімет алды және Бурабай Қазақстанның Швейцариясы деп аталатына көз жеткізді.

Танысу Абылай ханның 280 жылдық мерейтойына арналған гранитті тақта мен стеладан жасалған Көкше тауының баурайында орналасқан тарихи алаңынан басталды.

Осыдан кейін экскурсия жетекшісі Иманов қайнары мен биші қайындар орманы туралы көптен аңыздар айтты.

 «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Сакралды география» жобасы аясында ашылған «Ботай Бурабай» ашық аспан астындағы археологиялық-этнографиялық мұражайда балалар неолит дәуірі туралы көп қызықты мәліметтермен танысты.

Сонымен қатар, балалар отбасылық ойын-сауық саябағына, орман шаруашылығы мұражайына, хайуанаттар бағына барды.

Ағаш сатыларды, кей жерлерде ағаш тамырларын баспалдақ ретінде пайдалана отырып 147 метр биіктіктегі тауға шығу балалар үшін өте қызықты болды.

Осындай биіктіктен көрінген керемет көрініс балалар үшін осы ғажайып жерге тағы да қайта  оралуға себеп болды.

1m2m3m4m5m6m7m

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz