Басып шығару
Қаралды: 585

Төтенше жағдайлар мәліметтерінде балалардың қатысуымен болған жазатайым оқиғалар туралы ақпарат жиі естіледі.

Көбінесе қауіпсіздік шараларын сақтамау, абайсыздық, ересектер тарапынан жеткіліксіз бақылау, жолдарда, су айдындарында жүріс-тұрыс ережелерін білмеу себептері болып табылады. Осы жағдайлардың барлығы біздің балаларымыздың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.

Құрметті ата-аналар, өз балаларыныздың қауіпсіздігіне қамқорлық жасауға, тұрмыста, қоғамдық орындарда, жолдарда, су қоймалары маңында қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін ұстануға шақырамын. Балаларды жалғыз қалдырмаңыз! Балаларды қауіпсіз мінез-құлық мәдениеті дағдыларына тәрбиелеңіз!

Балалармен сөйлесу қажет, оларға әр түрлі жағдайда қалай әрекет ету керектігі жөнінде нақты нұсқау беру керек. Есіңізде болсын,  балалар сенгіш болады, сондықтан да балаңызға қарапайым жүріс-тұрыс ережелерін қаншалықты жиі есіне түсіріп отырсаңыз, соғұрлым олар естерінде сақтап, келешекте қолданатын болады.

Егер өзге баланы қауіпті жағдайда екенін байқап қалсаңыз, оны қалдырмай, көмек көрсетіңіз! Балалардың өмірі мен денсаулығы-сіздің қолыңызда!