Қостанай педагогтары балабақшалардағы кадрлық жетіспеушілік мәселесін және оны шешу жолдарын талқылады. Мектепке дейінгі ұйымдарда кәсіби мамандардың жетіспеушілігі өте өткір мәселе болып тұр. Сондықтан да 2020 жылдың 7 ақпанында «Айгерім-Ай» ЖШС базасында 43 жекеменшік балабақша басшыларына «Тәрбиеші-педагог мәртебесін арттыру-мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі «кадрлық жетіспеушілік» мәселесін шешудің кепілі» атты семинар өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңымен танысу аясында кадрлық саясат саласында директорлардың кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Семинарда дуалды оқыту жағдайында мектепке дейінгі ұйымдар үшін педагог кадрларды даярлаудың инновациялық тәсілдері, мектепке дейінгі ұйымдарда жас педагогтардың табысты бейімделуі үшін жағдай жасау, «тәлімгерлік» институтының қызметі және МДҰ –дағы тәрбие-білім беру үрдісінің сапасын жақсарту, сондай-ақ Қазақстандағы педагог мамандығының беделін арттыру перспективалары талқыланды.

          «Жастык-1» балабақшасының басшысы Т.Г.Биенко және «Айгерім-Ай» балабақшасының басшысы К.Т. Шодорова өз кәсібіне енуді бастаған жас мамандарды қолдау және педагогикалық тәлімгерлікті дамыту есебінен өздерінің мектепке дейінгі ұйымдарында кадрлық әлеуетті сақтау және дамыту тәжірибесімен бөлісті.

           Семинар қонағы, Қостанай педагогикалық колледжінің оқытушысы Л. И. Артюшина мектепке дейінгі білім беру үшін педагогтарды дайындаудың заманауи тәсілдері туралы әңгімеледі.

             Мектепке дейінгі білім берудің жаңартылған мазмұны мен балабақшада ашылған STEM-білім беру кабинетіне баруы аясында басшыларға қызығушылық танылды.

            Жалпы, семинар сындарлы диалог жағдайында нәтижелі өтті. Семинарға қатысушылардың көпшілігінің пікірі бойынша «Педагог мәртебесі туралы» Заңды қабылдау уақытылы болды.

1м2м3м4м5м6м

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz