Балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша жұмысты жетілдіру, сондай-ақ мүдделі ведомстволардың, ұйымдар мен жұртшылықтың назарын балалар жол-көлік жарақаттануының алдын алу мәселелеріне аудару мақсатында 2020 жылғы 15 қаңтар мен 2020 жылғы 15 ақпан аралығында білім беру ұйымдарында келесі іс-шаралар өткізілді:

-Қостанай қаласының барлық жалпы білім беретін мектептерінде «Жол-көлік оқиғаларының алдын алу» тақырыбында сынып сағаттары мен дәрістер өткізілді;

- «Жол-көлік жарақатының статистикасы. Жолдағы жүріс-тұрыс қағидалары» стендтері әзірленді, атап айтқанда 2019 жылғы 12 ай ішінде Қостанай қаласы аумағындағы балалардың жол-көлік травматизмі туралы ЖҚП ПБ статистикалық деректерін, сондай-ақ балалар жарақаттануы бойынша статистикалық деректерді орналастырылды;

– 2020 жылғы 24 қаңтарда №5а мектеп-гимназиясының базасында 1-4 сынып оқушылары арасында қауіпсіздік бойынша білім фестивалі өткізілді. Фестивальға Қостанай қаласының 33 жалпы білім беретін ұйымдарынан 128 бастауыш сынып оқушылары қатысты. Жеңімпаздар мадақтамалар және сыйлықтармен марапатталды.

 - «Автобус және жаяу жүргінші!» сурет байқауы;

- «Жол қозғалысы ережелері еліне саяхат» жол қозғалысының қауіпсіздік бұрыштары ресімделді;

- ДДТД алдын алуға және ескертуге бағытталған сынып сағаттары. Сынып жетекшілері мен ЖЖИ отрядтарының мүшелері оқушыларға жол жүру ережелері мен жаяу жүргіншілердің жүріс-тұрысы туралы еске салды.

- ЖҚП ПБ қызметкерлерін шақырумен сынып сағаттары. Олар жол оқиғалары, жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің құқықтары мен жазалау шаралары туралы айтып берді. Оқушылар қызығушылықпен тыңдап, дәріс соңында көптеген сұрақтар қойып, толық жауаптар алды;

- директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы аясында мұғалімдер планеркаларында педагогикалық ұжым мүшелерін жол қозғалысы ережелері бойынша оқушыларға арналған жаднамалармен таныстыру бойынша қосымша жұмыс жүргізді, сынып жетекшілеріне аталған жадынамаларды сынып бұрыштарына орналастыру ұсынылды;

- жол белгілерін білу викториналары, «Жол жағдайын анықта» тапсырмаларын пайдалана отырып зияткерлік ойындар, оқушыларды 2019 жылғы ЖКО статистикасымен таныстыра отырып сергітулер, лицей оқушыларының қауіпсіздігі мақсатында жарық шағылыстырғыш атрибутиканы (сырт киімде, портфельде) киюге шақырды;

- ата-аналар жиналысы өткізілді (Қостанай қ. білім беру мекемелерін 100% қамту);

- спорттық іс-шаралар өткізілді (Қостанай қ. білім беру мекемелерін 100% қамту).

1м2м4м5м3м6м

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz