Балалардың өмірі мен денсаулығына қауіпсіз жағдай жасау, өрт қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында 2020 жылғы 15 қаңтар мен 2020 жылғы 15 ақпан аралығында білім беру ұйымдарында келесі іс-шаралар өткізілді:

- білім бөлімімен 2020 жылғы 3 ақпандағы №164 «Өрт қауіпсіздігі туралы» бұйрық шығарылды;

- барлық білім беру ұйымдарында өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша нұсқамалар уақытында өткізіледі. Нұсқамалар оқушылармен де, мұғалімдермен де, қызметкерлермен де өрт қауіпсіздігі және қауіпсіздік техникасы жөніндегі журналға міндетті түрде қол қоя отырып жүргізіледі;

– «Өрт қауіпсіздігі ережелері», «От-адамның досы және жауы», «Тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттардағы өрттердің салдары», «Заттар мен материалдардың жануын тоқтату тәсілдері», «Өрттің пайда болуының негізгі себептері: балалардың сіріңкемен ойнауы, сөндірілмеген көмірлер, темекі шегу кезінде абайсыздық, электр техникалық құрылғыларды, газ аспаптары мен пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу» тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді;

 - «От-адамның досы және жауы» тақырыбына суреттер байқауы. Оқушылардың ең жақсы суреттері мадақтамалармен марапатталды;

- Қостанай қ. төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен кездесу өтті, аға лейтенант Абдугалиева Гульмира Булатовна мен Кожахметова Асель Тулешовна қысқы кезеңде қауіпсіздікті сақтау және тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі туралы әңгімелесу өткізді, оқушыларға парақшалар таратылды;

- №6 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы азаматтық қорғау капитаны Ф.С.Нурмухамедов №19 орта мектептің әкімшілігімен «Өрт шыққан кездегі іс-әрекеттердің келісілуі» атты әңгімелесу өткізді;

- №5а мектеп-гиназия тәлімгері 1-2 сынып оқушылары арасында өрт қауіпсіздігі тақырыбына арналған ең үздік қолдан жасалған бұйымдарға байқау ұйымдастырды, 3-4 сынып оқушылары «Менің қауіпсіздігім» суреттер байқауына қатысты. Ең жақсы жұмыстар мадақтамамен және тәтті сыйлықтармен марапатталды;

- №5а мектеп-гиназияда жалпы мектептік жиында балалар алдында Қостанай қ. ТЖБ Азаматтық қорғау подполковнигі А.Б.Тулендин, Қостанай қ. ТЖБ Азаматтық қорғау аға лейтенанты Б.Мұқан сөз сөйледі;

- №18 мектеп-гимназиясының оқушылары дене шынықтыру нұсқаушысы Е.Б.Утегеновпен бірге №6 өрт сөндіру бөліміне экскурсия ұйымдастырды, сонымен қатар №23 орта мектептің 8 «А» сынып оқушылары №5 өрт сөндіру бөліміне барды.

1м2м3м4м5м6м

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz