вакансия

Байқау жариялайды: «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ

Лауазымы: «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Қостанай қаласы әкімдігінің №18 бөбекжай-бақшасы» МКҚК басшысы

Мекенжайы: «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Қостанай қаласы әкімдігінің №18 бөбекжай-бақшасы» МКҚК, Кайрбекова к-сі, 399/5 5А.

Біліктілік талаптары: Байқауға қатысу үшін үміткерлерге талап етіледі:

      Біліктілікке қойылатын талаптар: Жоғары педагогикалық білім және мектепке дейінгі ұйымдарда педагогикалық жұмыс өтілі: қалалық жерде - 5 жылдан кем емес, ауылдық жерде - 3 жылдан кем емес.

Мемлекеттік білім беру ұйымы басшысының лауазымдық міндеттері: қосымшада

Лауазымдық жалақы мөлшері: 90786-дан 110075-ге дейін, еңбек өтіліне байланысты

Байқауды өткізу күні мен орны: 2020 жылғы 12 ақпан мен 10 наурыз аралығында «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ

Байқауға қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімі және орны: 12.02.2020-20.02.2020, «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ №401 каб

Байқауға қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

хабарландыру шыққан күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде бос лауазымға орналасуға мынадай құжаттарды қабылдау жүзеге асырылады:

      1) білім беруді басқару органы басшысының атына тіркелген орны, нақты тұратын жері, байланыс телефондары көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

      4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

      5) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;

      6) ескертпелер мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

      7) біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

       8) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама

      9) сотталмағандығы туралы анықтама;

     10) тестілеуден өткені туралы анықтама (бар болса);

      11) мемлекеттік білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.

      Байқауға қатысу үшін ұсынылған құжаттардың көшірмелері кадрлар қызметімен немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкерімен және мөрмен куәландырылады.

Байланыс телефоны: 7142-54-30-07, Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

должностные обязанности руководителей на государственном языке

должностные обязанности руководителей на русском языке

 

 

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz