Қоршаған адамдармен еркін қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру, мектепке дейінгі ұйымдарда жаңарту жағдайында әр түрлі формада және қызмет түрлерінде сөйлеуді дамыту мәселесі өте өткір тұр. Сондықтан да, білім бөлімінің 2020 жылға арналған жоспарында бұл мәселе белгіленген болатын. Осылайша, 2020 жылдың 12 ақпанында Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің "№ 61 бөбекжай-балабақшасы" МКҚК базасында 49 мемлекеттік және жеке меншік балабақшалардың әдіскерлері үшін "Жаңарту жағдайында коммуникативтік білім, білік және дағдыларды қалыптастыру" атты әдістемелік кеңесі өткізілді.

Әдістемелік кеңесте №5,6,13,17 балабақшаларында мемлекеттік тілде оқитын топтарда жаңартылған білім беру  жағдайында коммуникативтік білім, білік пен дағдыларды қалыптастыру жүйелілігін зерттеу бойынша мектепке дейінгі тәрбие секторының басшысы А. К. Боранбаева берген ақпарат ұсынылды.

     № 11,61 бала-бақшалардың әдіскерлері Ахатова А. К. және Алпысбаева Н. С. "Коммуникация" білім беру саласында инновациялық технологияларды пайдалану және тәрбие-білім беру үдерісінде коммуникативтік дағдыларды дамыту бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.          

Әдістемелік кеңестің қонағы, Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің кадр жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы А. Л. Қиякбаева мектепке дейінгі мекемелердегі аттестаттау бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету Ережесіндегі өзгерістер туралы мәлімет берді.           

Жалпы әдістемелік кеңес нәтижелі, сындарлы диалогта өтті. Сөз сөйлеудің мазмұны мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту өзіндік білім беру қызметін жандандыру үшін жақсы мотивациялық негіз болып табылатынын көрсетті.

132

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz