Экономика бойынша оқушылардың республикалық турнирі – экономикалық білімді дамыту және оқушыларды кәсіпкерлік дайындау, сонымен қатар дарынды балаларды анықтау және қолдау мақсатында, «Джуниор Эчивмент Казахстан» қоғамдық қоры мен «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының бірлескен білім жобасы аясында, 2020 жылдың 7 ақпанында экономика бойынша оқушылар турнирінің облыстық кезеңін өткізді. Турнирге қала мектептерінің 10-11 сынып оушылары арасынан 11 оқушы қатысты.

Турнир қатысушылары тест тапсырмаларын орындап, экономикалық есептерді шығарды.  

Қазылар алқасының шешімі бойынша 1 орынды Қостанай қаласы №7 орта мектебінің оқушысы Дильназ Ибраева.  Жас ерекшелік категориясында жеңімпаздар болған Қостанай қаласы, М. Қозыбаев атындағы №23 мектеп гимназиясының 11 сынып оқушысы Виталий Ладычук- 1 орын иеленді.

Турнирдің барлық қатысушыларына сертификат берілді, ал жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен медаль табыс етілді.

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz