2020 жылдың 8 ақпанында Т.Е. Дәулетбаев атындағы жыл сайынғы дәстүрлі «Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуының табысты кілті–жас ұрпақтың интеллектуалдық кепілі» атты аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференция ұйымдастырушылары: «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми–практикалық орталығы,  «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ, «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің физика – математикалық лицейі» ММ

Биыл ұйымдастыру комитеті Қостанай қаласы мен Қостанай облысының 90-нан астам мектебінен 996 ғылыми-зерттеу жобасын тіркеді. Конференцияға 28 пән бойынша 547 жұмыс жіберілді. 

Жыл сайын уақыт тауып, конференцияға келетін және қатысушылармен өз білімдерімен бөлісетін, ақыл-кеңестерін беретін, оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарамастан, жобалардың барлық авторларына өте мейірімді қарым-қатынаста болатын біздің құзыретті қазылар алқасының барлық мүшелеріне ынтымақтастығы үшін шексіз алғысымызды білдіреміз! Жоғары оқу орындарының білікті оқытушылар мен оқушылардың, мұғалімдердің, ата-аналардың арасында тамаша ынтымақтастық,  тамаша шығармашылық атмосферасы пайда болды!

Қазылар алқасының мүшелері атап өткендей, жылдан жылға ұсынылған жұмыстардың деңгейі артып келеді. Конференция қатысушылары өз тәжірибесін толықтырып, өз портфолиосын конференцияның дипломымен толықтырады.

Қорытынды үш жас санаты бойынша жүргізілді: 1-4 сыныптар, 5-7 сыныптар, 8-11 сыныптар.  429 жоба жеңімпаз және жүлдегер атанды, оның ішінде бірінші орын - 69, екінші орын – 167 және 3 орын – 193. 73 оқушы «Көрермендер көзайымы» номинациясына ие болды.

Лицей оқушылары байқауға 129 жоба ұсынды, оның ішінде 117 жеңімпаз және жүлдегер атанды.

Келесі оқу жылы шығармашыл  және дарынды балаларға

физика-математикалық лицейі өз есігін қайта ашады!

1234567

9810

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz