24 ақпан мен 12 наурыз аралығында "Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогы"атты сырттай қалалық байқауы өткізілді. Байқауға мемлекеттік және жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдардың 23 педагогі қатысты.

Байқауға педагогтер, өтпелі тақырыптарды пайдалана отырып және инновациялық әдістер мен технологияларды қолдана отырып жұмыс тәжірибесінің үзінділері бар бейнематериал, электрондық портфолио , сонымен қатар таңдалған өтпелі тақырыптар бойынша  перспективалық жоспар мен циклограмма ұсынды.

Байқаудың қорытындысы бойынша Бас жүлдені- № 27 бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі М. Ю. Хмара; 1 орынды –№2  бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі А. И. Колмыченко; 2 орынды-№3 бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі О. М. Тамилина, № 5 бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Л. К. Баксимова; 3 орынды – № 51 бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі О. В. Шмелева, № 54 бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі А. А. Коваленко жеңіп алды.

"Өнерлі тәрбиеші" номинациясы бойынша № 8 бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Л. В. Лихограй, № 17 бөбекжай- бақшасының тәрбиешісі А. Д. Капарова, № 44 бөбекжай- бақшасының тәрбиешісі Т. В. Жеребцова, мектеп-гимназия бақшасының тәрбиешісі А. А. Васенина, "Антошка" балабақшасының тәрбиешісі Г. Н. Ишбулдина атанды.

"Іскер тәрбиеші" номинациясы бойынша № 9 бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Г. Е. Казгуртова атанды.

Бас жүлдені жеңіп алған № 27 бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі М.Ю.Хмара облыстық байқауда қаланың мүддесін қорғауға ұсынылып отыр.

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz