Қазақстан Республикасы Президентінің ағымдағы жылғы 15 наурыздағы №285 «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Жарлығына сәйкес азаматтардың жеке қабылдауын өткізу тоқтатылды, қағаз құжат айналымына тыйым салынды, бұл ретте халықтың әлеуметтік желілердегі, мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында және басшылардың блогтарында өтініштерге жедел жауап беру бойынша жұмыс күшейтілді.

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ болып жатқан эпидемиялық жағдайға байланысты ата-аналар мен педагогтарды өзіне және жақындарына қауіп төндірмеуге, короновирустық инфекциядан қорғау бойынша барлық шараларды сақтауға шақырады.

Сізді қызықтыратын білім беру саласында барлық сұрақтарға білім бөлімінің Instagram блогы (https://instagram.com/goo_kostanai сілтемесі)  арқылы немесе білім бөлімі басшысының Facebook (https://www.facebook.com/ibraeva.aiman.goo сілтемесі ) ресми парақшасы арқылы түсіндірме алуға болады. Өтінішке байланысты қосымшаларды білім бөлімінің кеңсесі Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электрондық мекенжайына жіберуге болады.

Сонымен қатар, Қостанай қаласы білім бөлімінің сенім телефондары 54-30-07 немесе 39-08-50 нөміріне қоңырау шала аласыз.

Барлық түскен сұрақтар мен өтініштерге жауап электрондық түрде де жіберілетін болады, осыған байланысты, байланыс деректеріңізді (телефон, электрондық мекенжай) көрсету міндетті.

snimok 8 1024x713

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz