Басып шығару
Қаралды: 1581

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 121 бұйрығы, сондай-ақ бірыңғай қашықтықтан сынып ата-аналар жиналысын өткізу тұжырымдамасы негізінде 2020 жылғы 3 сәуірде Қостанай облысының барлық білім беру ұйымдарында «Мен қашықтықтан қалай оқимын», «Өзіңді вирусты аурулардан қалай қорғау керек» тақырыптары бойынша бірыңғай қашықтықтан сынып сағаттары өткізілді.

Сынып сағаттары белгілі бір параллельдер үшін көрсетілген уақыт бойынша өткізілді:

10.00 с. – МДД, 1-4 сыныптар (оқушылардың қамтылуы 15059 адамды құрады, бұл 94,1%);

12.00 с. – 5-9 сыныптар (оқушылардың қамтылуы – 12381 адамды құрады, бұл 95,8 %);

14.00 с. – 10-11 сыныптар (оқушылардың қамтылуы – 2118 адамды құрады, бұл 98,2%).

Сынып сағаттарына 1-11 сыныптардың 29558 оқушысы қатысты, бұл оқушылардың жалпы санынан 95,1% құрайды.

Сынып сағаттарында балалардың қашықтықтан оқытуға көшуінің негізгі тетіктері әзірленді, қашықтықтан оқыту сабақтарын, сынып сағаттарын өткізу және кері байланысты жүзеге асыру үшін интернет-платформалар анықталды.

15