Басып шығару
Қаралды: 1366

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ 2020 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес озық педагогикалық тәжірибесімен танысу мақсатында  озық тәжірибе мектебінің (ОТМ) отырысын қазақ тілі мен әдебиет секторының жетекшісі Ж.Жумагулова өткізді. «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қалыптастырушы бағалауды жүйелі қолдану – табысқа жетелейтін баспалдақ» (№7 ОМ Ш.М.Омарова); «Білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» (№19 ОМ Г.К.Бейсембаева); «Оқушылардың жеке қабілеттері мен ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес саралау стратегияларын қолдану» (№115 ОМ Д.Ж.Сыздыкова) тіл мамандарының озық педагогикалық тәжірибесімен танысу мақсатында  озық тәжірибе мектебінің (ОТМ) отырысы қашықтықтаншебер-сыныбын өткізді.

Материалдарды зерттеу нәтижелері бойынша осы тақырыптар жөнінде қалалық М.Хәкімжанова  атындағы  № 20 орта мектебі,Ғ.Қайырбеков атындағы №9 орта мектебі,№1 мектеп-лицейі мен №17 орта т.б. мектептердің қазақ тілі мұғалімдерінен ұсыныстар,кері байланыстар түсіп жатты.Біріншіден сабақ жоспарлары жаңартылған білім мазмұнына сəйкес құрылған,екіншіден сабақ барысында оқытудың  белсенді əдіс- тəсілдері қарастырылған,үшіншіден сабақта АҚТ  тиімді қолданылған деген жазбалар қалдырса, алдағы уақытта слайд əзірлеу талаптарына көңіл бөлулері қажет деген ұсыныстарында айтып өткен.

ОТМ отырысының алғаш рет болған қашықтықтан шебер-сыныбына жүзге тарта қазақ тілі мамандары қатысып Ш.Омарованың  10 сынып «Мұхиттағы өсімдіктер әлемі» ашық сабағына, Г.Бейсембаеваның 10 сынып Ы.Алтынсарин . «Дүние  қалай  етсең  табылады» әңгімесіне, Д.Сыздыкованың 9 сынып Майлин «Шұғаның белгісі» хикаятындағы автор бейнесі тақырыбына құрылған ашық сабақтарына деген қызығушылықтары артып,осы сабақтар болашақта видеосабаққа ұласса деген ниеттерін білдірген.

1м2м4м6м3м5м