«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ 2020 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес қалалық семинар «Тамыры терең әліпби» атты семинарды М.Хәкімжанова атындағы орта мектебінің эксперимент жетекшісі Т.Алгожина қашықтықтан өткізді. Материалдарды зерттеу нәтижелері бойынша осы тақырып жөнінде көптеген ұсыныстар меен кері байланыстар жазбаша түсіп жатты.Замануи талабына сай жаңаша үрдіспен өткізіліп жатқандықтан қалалық мектептерден жүзден астам тіл мамандары қатысып отырды.Сондай-ақ № 3 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдерінің кері байланыс жазбасынан үзінді келтіріп өтер болсам: «әріптесіміздің 4 сынып оқушыларымен қашықтықтан өткізетін сабағы «Ǵ ǵ әріпі» ашық сабағының мақсаты: «Ǵ ǵ әріпін» жазып үйренеді және сөздер құрастырып жазады. Сөздерден сөйлем құрастырып жазуға дағдыланады. Латын әліпбиімен жазылған сөздерді оқып үйренеді.  Латын әліпбиіне деген қызығушылықтары қалыптасады.                                                                                           Т.Алгожина сабақ барысында оқушыларды топқа бөле отырып, оқушылардың сабаққа деген  зейінін аудара білді. Сабақты жүргізу барысында мына әдістерді қолданды: сұрақ-жауап әдісі,  түсіндіру, талдау әдістері. Оқушылар кириллица әріптерімен латын әріптерінің айырмашылығын айыра біледі және жазуда қолдана білетін болады деп қорытындылады.

Қазіргі таңда Елбасының қолдауымен ҚР латын қарпіне көшуді жоспарлауда. Яғни көшу басталып кетті десек те болады. Бірақ, сол бастаманы алып кету ешкімге оңай соқпайтыны анық. Бірақ, біздің ұстаздырымыз әрқашан көш бастаудан қашқан емес. Өздері ізденіп, зерттеуден, оқытудан әрдайым бірінші орында. Соның бірі – Алгожина  Толқын Шагирқызы ұстазымыз. Мектеп оқушыларына, атап кетсек 4 сынып оқушыларына латын графикасын үйретіп, машықтандыруда.

Ашық сабақтың жоспарын саралай отырып, сабақ барысында белсенді, саралау оқу әдістерін қолданғандығын, сабақ соңында рефлексия мен бағалау болғандығын көруге болады. Яғни, жаңартылған оқу мазмұны бағдарламасына сәйкес сабақты өткізді.Қорытындылай келе ұстаз сабаққа қойған мақсатына жетті деуге болады.

Ұстаздар ұсынған материалдармен, сабақтармен танысып өздеріне керек көп мәліметтер алды.

12345

678910

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz