«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ-нің 2020 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес "Білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту" атты қашықтықтан коучингті №1 мектеп-лицейінің  қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, педагог-шебер Рахимова Эльмира Ерсалимовна өткізді.Қалалық мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері коучингке төмендегідей  кері байланыс берген екен: «Коучинг тақырыбы қазіргі заман мұғалімдеріне өте маңызды, өзекті мәселе болып отыр. Педагогтардың кәсіби құзыреттілігін жақсартудағы тиімді әдістер мен тәсілдер айтылды.

Мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамыту үшін неге мән беру керекті жинақталып нақты берілген. Бұл кручинг біз үшін өте пайдалы болды. Өзімізге керкті  коучингтен көп мәлімет алдық десе,физика-математикалық лицейінің мұғалімдері қашықтықтан шебер-сынып материалдарды зерттеу нәтижелері бойынша ұсыныстарын былайша жазып қалдырған екен: - Білім берудегі жаңғырту мен инновациялық үрдістердің жалғасуына ықпал етудің маңызды факторының бірі мұғалімнің кәсіби шеберлігі туралы айтып, әр мұғалім көп әдісті білуге тырысып, қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі қоғам мүддесіне  сай болу керектігін атап өтті. Білімнің негізгі кілті бастауыш буындағы сыныптардан басталатындығын айтып, сол бастауыш сыныпта білім беруде тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру ең басты мәселе екендігіне тоқталды. Оқушының жеке тұлғалық дамуына, яғни оның өзін-өзі тануға және өзіндік өсу бағытында мұғалімнің кәсіптік құзырлығының, шеберлгінің рөлі маңызды екендігін ортаға салды. Мұғалімдердің жаңартылған білім беру бағдарламасының идеясына көзқарастарын ортаға салып, рефлексивті ойлануға, оқыту үдерісіндегі берілген тапсырмаларды талқылауға, қателермен өз бетімен жұмыс жасай білуге, практикада өмірлік дұрыс тәжірибе алуға, кері байланыс жасауға үйретті - деп, №17 орта мектебіндегі,М.Хакімжанов атындағы №20 орта мектебіндегі,№2 мектеп-лицейіндегі,№3,№28 мектеп-гимназиясы мен №29,№30,№11,№5,№15 т.б. орта мектептеріндегі әріптестері де шынайы алғыстарын білдіріп жатыр.

Коучинг жұмысын қорытындылай келе  сабақтың жоспарына сай өткізілген,әр кезеңі түсінікті де тартымды, тәжірибе алмасуға тиімді болды. Әр сабаққа түрлі әдістерді пайдалану, сол әдістермен таныстырылым болды. Коучинг заман талабына сай, мұғалімдер үшін ұтымды дей отырып, Эльмира Ерсалимовнаға  алғысымызды білдіргіміз келеді.Қашықтықтан өткізудің жағымды жағы «еркін микрофон» әдісінде,өз ойын дұрыс жеткізуге зор мүмкіндік болатынына көз жеткіздік деп тұжырымдады.

1м3м4м5м6м

7м2м

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz