Басып шығару
Қаралды: 1461

Құрметті ата-аналар, ұстаздар!

Елімізде қалыптасып отырған төтенше жағдайға және қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында білім беру ұйымдарында (көрсетілетін қызметті беруші) «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін электронды түрде алуға мүмкіндіктер бар екендігін ескертеміз.  

         Білім беру ұйымдарының сайттарында атталған қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі (өтінімнің электронды нұсқасы, ДКК қорытындысы, ПМПК қорытындысы), электронды құжаттарды қабылдау үшін электронды мекенжай, қызмет беруге жауапты тұлғаның ТАЖ мен телефоны көрсетілген.

         Сондай-ақ «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет» электронды түрде «Сакура» электронды жүйесі арқылы ағымдағы жылдың 1 маусымы мен 30 тамызы аралығында жүзеге асырылатыны туралы қосымша хабарлаймыз.

Осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша сұрақтар туындаған жағдайда білім беру ұйымдарына немесе «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жалпы орта білімді дамыту бөліміне мына байланыс телефоны бойынша хабарласа аласыздар: 54-71-30.