«Рухани жанғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында ақпан айында «Ханталапай» қалалық балалар байқауы өткізілді. Сайысқа мектеп алды дайындық тобының және сыныптың 354 тәрбиеленушісі қатысты.  Көптеген командалар байқаудың маңыздылығы мен өзектілігін көрсетеді, ол мектеп жасына дейінгі балаларға қазақ халқының ұлттық мәдениетіне, ұлттық ойындардың рухына үңілуге мүмкіндік берді.

Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты байқаудың екінші кезеңін өткізу тоқтатылды. 

     Тәрбиеленушілер мен педагогтардың «Ханталапай» ойынына қызығушылығын қолдау, балалардың ептілігін, тапқырлығын, зияткерлік ойлауын, командада жұмыс істеу дағдыларын дамыту мақсатында байқаудың бірінші кезеңінің финалистері «Алғыр бала», «Мерген бала», «Зерек бала» номинациялары бойынша білім бөлімінің мадақтамаларымен және естелік сыйлықтарымен марапатталды.

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz