Білім беру ұйымдарының арасында «Тіл шамшырақтары» байқауы жылда өткізіліп келеді.Қазақ тілін үйренуге деген қызығушылықты арттыру,қазақ тілі бойынша теориялық және логикалық дағдыларды жетілдіру байқаудың мақсаты негізінде 2020 жылдың 9 сәуірінде ұлты қазақ емес оқушылар арасында қазақ тілінен "Тіл шамшырақтары - 2020" (қашықтықтан) қалалық байқауы өткізілген болатын.Байқауға 20 білім беру ұйымдарынан елу шақты оқушылар қатысқан болатын.

Ұлты қазақ емес 4,5,6,7 – сынып оқушылары арасында қазақ тілінен өткен қалалық байқаудан үздік атанған 8 қатысушымыз облыстық деңгейде өтетін байқауға жолдама алды.

2020 жылдың 16 сәуір күні  «Тіл шамшырақтары-2020» облыстық  байқау-конкурсы (І кезең-жазбаша (эссе), ІІ кезең-тестік тапсырмаларды онлайн режимінде орындау) екі  айналымынан сүрінбей өткен оқушыларымыздың қорытынды нәтижесі бойынша 2 қатысушы жеңімпаз атанып,3 қатысушы мақтау қағазымен марапатталды.Олар:

  • Осокина Елизавета Васильевна, физика-математикалық лицейдің оқушысы. (Саттыбаева Гульбану Сапаргалиевна жетекші тіл маманы)
  • Каштанова Ксения Петровна, № 8 орта мектебінің оқушысы,(Айгужина Жанар Советбековна жетекші тіл маманы)
  • Чаус Гунель Агакеримовна, №22 орта мектебінің оқушысы

( Ишманова Майра Жумагалиевна жетекші тіл маманы)

  • Беланова Ольга Викторовна, №5 «А» мектеп-гимназиясының оқушысы, (Амренова Қымбат Заединовна жетекші тіл маманы)
  • Самошина Кристина Игоревна, № 16 орта мектебінің оқушысы,

( Танатканова Сауле Сериковна жетекші тіл маманы)

12345

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz