«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Қостанай психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы» КММ-нің 2020 жылғы 23 сәуірдегі №20 ақпараттық хаты негізінде келесіні хабарлайды:

Қостанай облысының бас санитарлық дәрігерінің 15.04.2020 жылғы №11 Қаулысы негізінде Қостанай облысының аумағында карантиннің енгізілуіне байланысты «Қостанай психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы» КММ мамандары қашықтықтан жұмыс істеу түріне ауыстырылды. 1-сынып бағдарламасын меңгермеген, үйде оқитын балаларды тексеру қашықтықтан жүргізіледі.

Консультациялар 39-71-43 телефон нөмірі бойынша алдын ала жазылу арқылы сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүргізіледі.

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz