«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ 2020 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес «Білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында тиімді оқытуды ұйымдастыру» тақырыбы бойынша бастауыш сынып мұғалімдерінің қашықтық форматта қалалық семинары өтті.

Семинар педагогтардың әдістемелік деңгейі мен кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін жағдай жасау, білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында тиімді оқытуды ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасу мақсатында өткізілді.

Семинар жұмысы барысында бастауыш сынып мұғалімдері О. Ф. Варварова, Е. П. Вильгельм, О. В. Макрушина, С. Г. Цубера ұсынған 2-4 сынып үшін жаратылыстану сабақтарының жоспары талданды.

Сабақты зерттеу барысында білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында оқытуды ұйымдастырудың таңдалған түрлерінің, әдістері мен тәсілдерінің тиімділігіне ерекше назар аударылды.

безымянный

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz