«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ және «Дарын» қалалық ғылыми-практикалық орталығының 2019-2020 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес,  «Дарын» қалалық ғылыми-практикалық орталығы бастауыш буын оқушыларына арналған «Бастау» Республикалық математикалық турнирінің қорытынды қалалық кезеңі (бұлдан әрі – Турнир) өткізілді.

"Бастау" республикалық математикалық турнирінің мақсаты бастауыш сынып оқушыларының математика саласындағы қызығушылықтары бойынша шығармашылық қарым-қатынас жасау үшін командалық жарыс түрінде арнайы жағдай жасау, бастауыш сынып оқушыларының танымдық және шығармашылық белсенділігін ынталандыру, математика пәні бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту.

            Турнирге 34 команда қатысты. Барлық командалар 3 лигаға бөлінді. Турнирге қаланың барлық мектептері мен екі жеке меншік мектеп (Академиялық лицей және "Ақ Нұр" БМ) қатысты.

                    "Бастау" республикалық математикалық турнирінің қалалық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

              1 лига - 1 орын № 24 мектеп-гимназия, «Алға» командасы

                            2 орын №1 мектеп-лицей, "крепкий орешек" командасы

                            3 орын физика-математикалық лицей, "Инсайт" командасы

               2 лига - 1 орын №19 орта мектеп, " пять с плюсом"командасы

                            2 орын №20 орта мектеп, "Жас қанат" командасы

                            2 орын №15 орта мектеп, "Сұнкар" командасы

                            3 орын №30 орта мектеп, "лучшая  30-ка" командасы"

              3 лига - 1 орын академиялық лицей, " Плюс на минус" командасы

                            2 орын №13 негізгі мектеп, "Умники" командасы"

                            3 орын №21 Негізгі мектеп, "Х и Y-друзья" командасы

                            3 орын № 22 орта мектеп, " Мудрая сова»

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz