«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ 2020 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес «Латын тілі – қазіргі заман талабы» атты қазақ тілі мұғалімдерінің қашықтықтан семинар болды.№3 мектеп-гимназиясының қазақ тілі әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Какимжанова Гульнара Сапабекқызының ұйымдастыруымен өткізілді.

Алғы шепте сөз алған әріптесіміз Қасымова Гүлнар Қадырғалиқызы өз баяндамасында 2018-2019 оқу жылынан бастап №3 мектеп-гимназиясында  «Латын әліпбиі – ұлт болашағы»  атты қолданбалы курс бағларламасын  құрастырып,оны үш кезеңде эксперименттік алаңы жобасы өз қызметін атқарып келе жатқанын баян етеді. Бағдарламаның білім мазмұны латын әліпбиінің жан-жақты таныту арқылы елжандылығын, өнерін, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, білім дағдыларымен қарулаған, ұлттық сана-сезімдері қалыптасқан, өркениетті қоғамда өмір сүруге лайықты, терең ойлайтын оқушыларды үйретуге бағытталған. Бұл  жоба мектептегі эксперимент ретінде өткізіліп жатыр. Эксперименттік алаңының  жобасы 3-кезеңінен тұрады.1-кезең. Ақпараттық-түсіндіру (2018-2020 оқу жылы)Ақпараттық түсіндіру, ұйымдастыру, таныстыру жұмыстары. 2-кезең.  Тәжірибелік-эксперименттік  ( 2019-2021 оқу жылы )Білім алушылардың жаңа әліпбиін пайдаланып, сауатты жазуға, оқуға тәжірибелік-эксперименттік іс-әрекеттерінің табысты асырылуына жағдай жасау. 3-кезең – Жүйелі-жалпылама кезең (2021-2022 оқу жылы) Мәнін түсіну, жалпылау, жинақтау, тәжірибе-инновациялық жұмыстарды сипаттау, педагогикалық практикасына зерттеу жобаның енгізу нәтижелерін талдау. Қорытынды нәтижелерін айқындау, ғылыми-әдістемелік материалдарында зерттеудің аралық нәтижелерін жариялау. Латын әліпбиіне көшу бойынша іс-шаралар жоспары құрастырылып, көшу үдерісі кезең кезеңімен іске асырылғандықтан бұл жоспар да кезеңдерге бөлініп жасалған. Эксперименттік алаңының бірінші жылында осындай жұмыс жоспары құрастырылып іске асырылды, «Жаңа әліпбиі негізінде қазақ тілі емлесінің ережелері» атты ҚР Мәдениет және Спорт Министрлігі Тіл саясаты комитеті ұсынған кітапшаны пайдаланып оқытып жатырмыз. Қалалық білім бөлімі және Тілдерді дамыту орталығы ұйымдастырып жатқан іс-шараларға үнемі қатысып, тәжірибе алмасудамыз.Келесі оқу жылына 7-сынып оқушыларына арналған күнтізбелік тақырыптық жоспар құрастырылып, эксперименталды алаңының жұмысы жалғасады.Эксперименталды алаңы өз жұмысын аяқтаған жылы латын әліпбиін оқыту бойынша дидактикалық тапсырмалар жинағын құрастырып әдістемелік өнім ретінде әріптестерге көмек ретінде ұсынамын деген ойым бар,-деп ойлы пікірін әріптесіміз ортаға салды.

         Ал,«Латын тілі-заман талабы» тақырыбында  қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, педагог- зерттеуші Жанабергенова Жанар Кенжебекқызы баяндамасында былайша сөз өрбітеді.Қазақстанда жаңа алфавитке көшу жазба мәдениетімізде белгілі бір тарихи кезең болғанын,латын алфавиті 1928-1929 жылдары елімізді қолданыла бастағанын,Х.Досмұхамедов латын әліпбиіне қарсы болса да, мемлекет қайраткері ретінде қазақ тіліне үйлестіріп латын әліпбиін жасағанын түсіндіріп өтеді. Сонымен бұл мәселе бойынша біздер де, Елбасының айтқан сөзін қолдап, латын алфавитіне көшудің жолдарын қарастыруымыз керек. Сондықтан бізге ХХІ ғасырдың күллі тынысын бойына сіңірген, жаһандану талабын ескеретін, жиырма жылдан астам тәуелсіз тарихы бар жаңа тұрпатты Қазақстанның бүгіні мен болашағын толық бейнелей алатын әліпбиі қажет. Мен де қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруді қолдаймын –дейді әріптесіміз.Себебі, дүниежүзі халқының 80 пайызы қолданатын латын әрпіне көшу озық инновациялар мен жаңа технологияға бір табан жақындаудың белгісі. Балаларымыз да осы арқылы электронды ақпарат құралдарын да жылдам игеретін болады. Ғылымның қай саласын алсақ та, латын тілінің қажеттігін талап етеді, мысалы ретінде тек қана медицина саласын алуға болады. Медицина университетінде оқитын студенттер көп пәндерін, әсіресе  дәрі-дәрмек атауларын латын тілінде оқиды.  2019-2020 оқу жылында үш тоқсан бойы сәрсенбі күні латын алфавиті бойынша оқушылармен 10-15 минуттық мәтінді латынша жазуды, диктант жазып үйрендік, оқушыларға өте қиын емес, себебі олар ағылшын тілін меңгеріп жүргендіктен, көп әріптер ұқсас болған соң, оңайырақ болды-деп баяндаған әріптесіміз. «Латын әліпбиіне көшу-тіліміздің жарқын болашағының кепілі» атты баяндаманың авторы  Шүйкебаева Баян-Сұлу сөзін қорытындылап,мынадай тұжырым жасап отыр: «Латын әліпбиіне көшу-қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосып,жемісі мен жеңісін әкелері сөзсіз» деген.

Иә, тіл маманы өз жұмысында   латын әліпбиіне көшу туралы әрі оның пайдалы, тиімді жақтарын алға тартады.Қалалық білім бөлімінен қазақ тілі мен әдебиеті секторының жетекшісі Жумагулова Жанар Дүйсембайқызы қатысып,жүргізіп отырды.№3 мектеп-гимназиясының тіл мамандары ұсынған жұмыстарды зерттеп, жіті танысып шығып,ұсынылған ақпаратпен толықтай келісетін әріптестеріміз жетерлік.Ендеше Тұңғыш Елбасымыздың латын қарпіне көшу бағдарламасының ғұмыры баянды болғай дейміз.

1м2м3м4м5м

6м

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz