"Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі" ММ және "Дарын" қалалық ғылыми-практикалық орталығының 2019-2020 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес, "Дарын" қалалық ғылыми-практикалық орталығы "Рухани жаңғыру" жобасын іске асыру аясында 5-7 сынып оқушылары үшін "Ашылу маусымы" қалалық ойынның 4 (қорытынды) кезеңін қашықтықтан өткізді.


"Ашылу маусымы" интеллектуалдық-танымдық ойынының мақсаты: ойын қызметін ұйымдастыру арқылы оқушылардың зияткерлік деңгейін арттыру және танымдық процестерді дамыту үшін жағдай жасау болып табылады.
Ойынға Қостанай қаласының білім ұйымдарының 33 командасы қатысты. Әр команда құрамында үш адам (параллельден бір өкілден). Өткізу тілі-қазақ және орыс. Барлық командалар үш лигаға бөлінді.
5-7 сынып оқушыларына арналған география, тарих және өлкетану пәндері бойынша "Ашылу маусымы" атты қалалық зияткерлік-танымдық ойынның жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
І орын: 1 лигада ФМЛ, 2 лигада № 15 ОМ, 3 лигада №3 МГ;
ІІ орын: 1 лигада №2 МЛ , 2 лигада №10 ОМ , 3 лигада №19 ОМ ;
ІІІ орын: 3 лигада № 23 ОМ , 2 лигада №9 ОМ , 3 лигада №5 ОМ .
Құттықтаймыз және келешекте жеңістер тілейміз!

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz