«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ 2020 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес "Қазақ тілін латын әліпбиінде оқытуда оқылым дағдыларын дамыту жұмыстарының тиімділігі" атты қазақ тілі мұғалімдеріне қашықтықтан коучинг өтті.

№1 мектеп-лицейіндегі қазақ тілі әдістемелік бірлестік жетекшісі Э.Е.Рахимова  өткізді.Қазір тіл жанашырлары үшін өзекті мәселе қазақ тілін латын әлібиі негізінде тиімді оқыту болып отыр. Коучингта  қазақ  тілін оқытуда қолданылатын оқылым дағдысын латын әліпбиі негізінде оқыту сөз болуда.Оқылым-негізі коммуникативтік дағдылардың бірі болып саналады.Э.Е.Рахимова жұмысында  оқушылардың оқылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырмалар үлгілерімен көптеп таныстырды. Бұл тапсырмалар арқылы  оқушылар  мәтіннің негізгі ойы мен бөліктерін анықтай отырып оқиды, мәтінге ауызша және жазбаша шолу жасай алатыны берілген. Оқылым дағдыларын дамытуға арналған бірнеше тапсырмалар үлгісін ұсынған.Латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екені нақты  айтылған.  Ұсынылған жұмыстар  өте  пайдалы  және  қызықты. Оқылым стратегияларымен бөлісті.Мысалы: «Жылдам кездесу», «Ойланыңыз,жұптасыңыз, бөлісіңіз», «Піспеген модель», «Белсенді түрде модельдеу», «Стоп кадр», «Кітап оқу кезіндегі саяхат», «Ақпараттағы олқылықтар», «Графикалық органайзерлер», «Оқиға картасы» (тарих картасы), «Торлы диаграмма» (радиальді диаграмма) т.б.Тіл жанашырлары түсіндіру жұмыстарын жаңаша әдіс – тәсілдер арқылы үнемі сабақтарында пайдаланып отырса,латын әліпбиін болашақта тез меңгертеміз деп ойлаймыз.

2м3м4м5м6м

1м

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz