Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 16-20 маусым күндері аралығында алғаш рет онлайн режимде 2-4 сынып оқушылары арасында "Бастау" ХІІІ республикалық математикалық турнирін өткізді.

Турнирге Қостанай қаласынан екі мектеп ФМЛ және №24 МГ қатысты, әрбір топ құрамы  2-4 сыныптарынан 3 оқушы құрады.

Турнирдің республикалық кезеңі ZOOM платформасының көмегімен және мына сайтта http://physmathacademy.eduterra.pro онлайн режимде үш тур бойынша өткізілді:

               «Әу, баста» (командалық есеп);

«Асық» (командалық есеп);

«Математикалық бәйге» (ауызша жеке есеп).

Командалық есепте жеңімпаз атанды:

           І орын – Қостанай қаласының № 24 мектеп-гимназиясы;

           І орын – Қостанай қаласының "Физика-математикалық лицейі". 

Турнир женімпаздарын құттықтаймыз!

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz