Ағымдағы жылдың 5-12 маусым аралығында «Үздік мектепке дейінгі ұйым» сырттай қалалық байқауы өткізілді. Конкурсқа 11 мектепке дейінгі ұйым (№3,5,7,14,15,16,17,44,51 бөбекжай-бақшалары) қатысты, оның ішінде 2 жекеменшік балабақша (мектеп-балабақша гимназия, «Родничок»).

Конкурсты өткізудің негізгі міндеті мектепке дейінгі ұйымдардың шығармашылықпен жұмыс істейтін ұжымдарын қолдау және көтермелеу, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жоғары сапасына қол жеткізуге педагогтарды ынталандыру үшін жағдай жасау болып табылады. 

Байқауға мектепке дейінгі ұйым қызметінің нәтижелілігін көрсететін ақпараттық-аналитикалық материалдар ұсынылды: Ұйымның даму тұжырымдамасы, мемлекеттік стандартты жүзеге асыру жолдары, ҚР тілі туралы Заңды орындау, педагогикалық ұжымның жетістіктері және жаңарту жағдайында пәндік-кеңістіктік дамыту ортасын құру.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар атанды:

Бас жүлде - «№ 9 бөбекжай-бақшасы» МКҚК;

  • орын - «№17 бөбекжай-бақшасы» МКҚК;
  • орын - «№7 бөбекжай-бақшасы» МКҚК,
  • орын - мектеп-балабақша гимназиясы.

Бас жүлдені жеңіп алған №9 мектепке дейінгі ұйым облыстық конкурста қаланы ұсыну құқығын алады. Барлық жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz