«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 564 бұйрығымен бекітілген бастауыш, орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға жіберудің Типтік ережесіне сәйкес бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына кіретін баланың ата-аналары немесе басқа заңды өкілдерінің құжаттары ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен 1 тамызына дейін қабылданатыны туралы хабарлайды.

Қажетті құжаттар тізімі:

  • өтініш;
  • жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы (сәйкестендіру үшін талап етіледі),
  • № 063/е нысаны және «Баланың денсаулық паспорты» есептік нысанын № 026/у»;
  • баланың 3х4 см көлеміндегі 2 дана фотосуреті.

     Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау үшін заңды өкілдері келіскен жағдайда педагогикалық-медициналық-психологиялық комиссияның қорытындысы қосымша ұсынылады.

Порталға:

  • көрсетілетін қызметті алушының нақты тұрғылықты жерін көрсете отырып, оның өкілінің ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының бірінің (немесе өзге де заңды өкілдерінің) өтініші;
  • № 063/е нысанды, № 026/у-3 нысанды денсаулық жағдайы туралы электрондық құжаттар;
  • 3х4 көлеміндегі баланың сандық фотосуреті
gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz