Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі жыл сайын қала сыртындағы лагерьде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жасөспірімдерді, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы балаларын немесе аз қамтылған отбасы балаларын, мүгедек балаларды, көпбалалы отбасы балаларын сауықтыруды және демалуды ұйымдастырады.

Елдегі пандемияға байланысты ағымдағы жылы қала сыртындағы «Болашақ» лагерінде 349 баланың демалысы 2 кезеңде ұйымдастырылды: 1 кезең: 2020 жылғы 04 шілде мен 2020 жылғы 13 шілде (186 бала), 2 кезең: 2020 жылғы 16 шілде мен 2020 жылғы 25 шілде (163 бала).

Осы жылы алғаш рет «Болашақ» лагерінде скалодром және арқан паркі (экстрим парк) орнатылды, бұл біздің балаларымыздың демалысын түрлендіре түсірді. Әр күннің өз тақырыбы болды, «Азиада» спорттық іс-шаралары, ойын-сауық іс-шаралары («Жел саяхаты»), конкурстық бағдарламалары өткізілді.

Күннің бірінші жартысында қызығушылықтар бойынша студиялар ұйымдастырылды (өзін-өзі қорғау, сурет салу және т.б.). Күннің екінші жартысында қолайлы ауа райы жағдайына қарай қарағай орманына серуендеу ұйымдастырылды.

         Лагерьдің соңғы күні әр балаға тәтті сыйлықтар (шоколад, шырындар) берілді.

         Балалардың жазғы демалысы жарқын және қуанышты оқиғалармен есте қалды.

1м2м  

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz