2020 жылдың ерекше демалысы қызып тұрған шақта музыка мектебінің оқушылары белсенді демалысты жаңа білімді игерумен және керемет әсерлер алумен әдемі үйлестіруде. Бұл ретте оларға педагогтардың "Қазақстан-Қостанай" ТРК-мен тығыз ынтымақтастықта дайындаған хабарлары мен бейнеконцерттер топтамасы көмектеседі.

Бұл жолы классикалық, сирек кездесетін музыкалық аспап – виолончель туралы сөз болды, ал облыстық "Радуга талантов" телебағдарламасының кейіпкерлері осы мамандықтың оқушылары мен олардың тәлімгері Айдосова Гүлмира Толыбайқызы болды.

Бұл құралдың тембрі –  жүрекке жылы, бейнелі, мәнерлі, дыбысы нәзік, оны көп ретте адамның дауысымен салыстырады. Виолончельде кең дауысты, әнге арналған шығармалармен қатар күрделі пьесалар да орындалады.

Хабарды аспап туралы, оның пайда болу тарихы туралы, оның әлемге әйгілі орындаушылары туралы әңгімелей отырып жас жүргізушілер Агния мен Нағима бастады. Педагог Г. Т. Айдосовамен арадағы әңгіме  аспаптың дыбысталуы, оның музыкалық және көркемдік мүмкіндіктері туралы толық білуге мүмкіндік берді.

Кадр сыртындағы дауыс жүргізушілердің әңгімесіне түсініктеме берді, сюжетті тарихи мәліметтермен толықтырады.

Жүргізуші сұрақтарының арқасында оқушы үшін аспаптың қалай таңдалатыны, музыка мектебінде қанша жыл білім алу керектігі жайында жұрт қажетті ақпарат алды. Гүлмира Толыбайқызы қарапайым көрермендерге белгісіз аспаптың қызықты жақтары туралы айтып берді.

Жүргізушілердің әңгіме жүргізген құрдастары – жастары мен мінездері әртүрлі оқушылар. Олардың оқудағы жетістіктері де әртүрлі. Оларды өз аспабына, педагогқа деген сүйіспеншілік, өз сезімдері мен ой-пікірлерін дыбыстардың көмегімен өзгеге жеткізуге деген талпыныс біріктіреді. Қазіргі заманның көрнекті музыканттары олардың алдына жоғары талаптар қояды. 1-ші сынып оқушысы Молдаш Кәусар әлемдегі ең үздік аспапта ойнайтынына сенімді. Зере Танкеева жасының кішкентайлығына қарамастан халықаралық байқаулардың жеңімпазы болып табылады.

Жас музыканттардың қызығушылығы қаншалықты кең болса да – сурет салумен, өлең оқумен, жұмсақ ойыншықтарды тоқумен айналысса да, сүйікті аспапта ойнау бірінші орында тұрады. Балалар концерттерге, байқауларға, түрлі іс-шараларға қатыса отырып сабақта үйренгендерін көрсетуге тырысады.

Осы сюжет берілген роликті тұрғындар белсенді тамашалауда. Педагог пен жас музыканттарға айтылған жақсы пікірлер мен сәттілік тілеулер музыкалық мектептің, оның оқушылары мен педагогтарының жұмысына деген қызығушылықтың дәлелі бола алады.

1m2m3m

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz