2020 жылғы 4-8 қыркүйек аралығында Қостанай қаласының мектептерінде 1-4 сынып оқушылары үшін ашық «Конституция сабақтары» өткізілді.

ҚР Конституциясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай, құқық қорғау органдары Академиясымен бірлесіп, Қостанай қаласының мектептерінде 1-4 сынып оқушылары үшін «Конституция сабағы» атты ашық сабақ өткізілді. Оның мақсаты: Конституциялық-құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, оқушылардың Конституциялық патриотизмін дамыту.

Қостанай қаласы мектептерінің 1-4 сыныптарының сынып жетекшілері Конституция беттерінен үш тілде «Конституция сабағын»  өткізді.

Іс-шара барысында оқушылар конституциялық құқықтар мен міндеттер туралы білім деңгейін арттыруға ықпал еткен Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелерімен танысты.

1м2м3м

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz