Ғылым мен білімді интеграциялау, ұрпақтар сабақтастығы, елдің болашақ ғылыми әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету мақсатында қалалық ғылыми-практикалық "Дарын" орталығы жыл сайын жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауын өткізеді. Биылғы жылы ол 2020 жылдың 2-3 қыркүйегінде онлайн режимінде өтті.

Қалалық кезең екі турдан тұрады:

1) бірінші кезең – сырттай іріктеу, ғылыми жобалардың сыртқы сараптамасы негізінде – жоғары оқу орнының оқытушысы, пән саласының маманы жазған рецензиялар.

2) екінші кезең – қашықтық форматта, жобаларды қорғау.

Байқау төрт бағыт бойынша өткізіледі: "Ғылыми-техникалық прогресс   – экономикалық өсудің негізгі буыны ретінде", "Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу", "Салауатты табиғи орта – "Қазақстан–2050" стратегиясын іске асырудың негізі", "Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективалы туристік маршруттар".

         Байқауға 8-11 сынып оқушылары жеке және командалық құрамда қатысты. Команда 2 қатысушыдан артық емес.

         Байқауға Қостанай қаласынан 220 жоба ұсынылды. Жұмыстарды                   А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ, Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің профессор-оқытушылар құрамы бағалады.

Қазылар алқасының шешімімен 95 жобаның авторы жеңімпаз және жүлдегер атанды: оның ішінде І орын – 25 жоба, ІІ орын – 32 жоба, ІІІ орын – 38 жоба.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz