№7 орта мектеп мұғалімдерінің ұжымы қашықтықтан оқыту форматын ойдағыдай жүзеге асыруда. Сауатты әзірленген іс-әрекет алгоритмі 1-4 сынып оқушылары үшін оқу қызметін «кезекші сынып» режимінде дұрыс ұйымдастыруға көмектесті. «Кезекші топтарға» икемді оқу кестесі құрастырылды, санитариялық-гигиеналық жағдайлар жасалды, үзіліс кезіндегі демалыс орындары анықталды және әлеуметтік арақашықтық сақталуда.

        Қашықтықтан оқытуға дайындық барысында мектеп 25 отбасын интернет және компьютермен қамтамасыз ету мәселесін шешті. Бүгінгі таңда  мектеп оқушыларының 100% -ы үйден шықпай-ақ білім алуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, олар «Спидкубинг», «Шахматтар», «Модельдеу», «Би» және т.б. үйірмелер мен факультативтер қызметі арқылы қосымша білім беру қызметтерін алуда.

      Мектеп оқушылары қашықтықтан өткізілетін байқауларға, олимпиадаларға қатысады және ғылыми жобаларды қорғайды. Мұның бәрі қашықтық форматында. Мысалы: Искакова Азизаның (мұғалімі Третьяк С.В.), Ибраева Дильназдың (мұғалімі Курманбаева И.С.) ғылыми жобалары Республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңіне өтті.

      №7 мектептің қашықтықтан оқыту моделіндегі  кешенді тәсіл мұғалімдерге жүктелген міндеттерді жедел атқаруға, оқу-тәрбие  үдерісін ұйымдастыруға, мектеп ұжымының жұмысындағы тұрақтылықты сақтауға және ата-аналар мен оқушылардың психологиялық тыныштығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

1м2м3м

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz