Ұлы ақын Абай  Құнанбайұлының 175 жылдығына   орай онкүндіктің жоспарына байланысты "Абай өлеңдерінен челлиндж" байқауы қашықтықтан өтті.Міне,Ұлы бабамыздың рухымен тілдестіріп,шығармаларымен үндестірген онкүндікте өз мәресіне жетіп келеді.

Ғ.Қайырбеков атындағы №9 орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен өткізілген "Абай өлеңдерінен челлиндж" байқауы дүбірлі мерекенің ең қызықты да,сараптағанда бірінен бірі өткен кезең болды.Келіп түскен жұмыстар 2 номинация бойынша іріктелді:1) Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу; 2) Абай әндерін айту.Өлеңдерін мәнерлеп оқу бойынша жүлделі І орынды №29,17 орта мектептері, ІІ орынды С.Мәуленов атындағы гимназиясы, №1 мектеп-лиецейі, Ғ.Қайырбеков атындағы №9 орта мектептері, ІІІ орынды№5 орта мектебі,№2 мектеп-лиецейі мен №3 мектеп-гимназиясы алды. Ал,Абай әндерін нақышына келтіре орындауда жүлделі І орынды  №5"А"мектеп-гимназиясы мен №115 орта мектептері,ІІ орынды №2 мектеп-лицейі,№16 орта мектептері, ІІІ орынды №29 орта мектебі, №3 мектеп-гимназиясы мен №1 мектеп-лицейі бөлісті.Белсене қатысқаны үшін №10,20 орта мектептері мен Чапаев негізгі мектептерінің қатысушыларына алғыс айтамыз.Біздер,ұстаздар қауымы,ақын шығармаларын жас буындардың жүрегіне терең бойлатып,Абайдың жұмбақ әлемінің тылсым сырларына үңілте білуден жалықпайық.

2м3м1м

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz