Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің білім беру ұйымдарымен      бірлесе отырып ұйымдастырған Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жылдығына орай

қашықтықтан өткізілген онкүндігіміз өз мәресіне жетті.Дүбірлі мерекеміз №29 орта мектебінің тіл мамандарының ұйымдастыруымен «Абайдың рухани мұрасы» атты ғылыми - тәжірибиелік конференциямен қорытындыланды.Мақсаты:Ұлы Абайдың әдеби мұрасын зерделеу және көпшілікке тарату, Абай Құнанбаевтың білім берудегі рөлін, озық педагогикалық тәжірибені зерттеу және насихаттау арқылы білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын насихаттау, жас ұрпақ арасында азаматтық және қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу арқылы педагогтердің кәсіби құзіреттілігін дамыту және ұлттың мәдени қорын сақтау болып саналады.Көзімнің қарасы, Көңілімнің санасы - деп басталатын Абайдың әйгілі әнін білмейтін қазақ кем де кем. Алайда, тыңдарманы қалың, үлкен сахналардан бастап ауыл арасындағы жиын-тойларда, көңілді кештерде шырқалып, бүгінге дейін ел ішінде сүйкімін жоғалтпай келе жатқан бұл туынды әр қазаққа, қазақ деймін-ау, тіпті, өзге ұлт өкілдеріне де жақсы таныс.Ән –шашу ретінде « Көзімнің қарасы » атты әні орындалды.Құттықтау сөз кезегінде  мектеп директоры Кушанова Жанар Асанқызы білім орданың ашылғанына бір жыл болса да,қоғамдық жұмыстардан тыс қалмай,айтуға тұрарлықтай  жетістіктерге тоқталып өтті.Абайдың қара сөздерін дәріптеу мақсатында Ж.Утеулинге,«Әлемдік мәдениеттің тұлғасы» атты тақырыпта ұлы ақынды зерттеген М.Кажахметоваға,Жас ұрпаққа Абайдың даналығы туралы кең түсінік беріп, шығармалары мен асыл сөздерінің мәнін ұғындыру мақсатында Б.Нурмагамбетоваға,Абай – дана, Абай – дара қазақта, Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе, - деп шәкірттеріміздің қызығушылығын оятып, жас ұрпақтарды саналы және рухани байлығын молайту мақсатында мектебіміздің кітапханашысы Б.Уайсоваларға сөз кезегі берілді.Конференцияға қалалық білім беру ұйымдары қатысып отырды. Жүрегі қазақ деп соққан қазақ жұрты Абайдың өлеңдерін бойтұмарындай сақтап жүруге тиіс. Артына өлмейтін мұра қалдырған ұлы Абай данышпанымыздың 175 жылдығына арналған «Абайдың рухани мұрасы» атты ғылыми - тәжірбиелік конференцияны қорытындылаған тіл маманы Ү.Серденбаева осындай мағыналы,рухани мұрамызды өскелең ұрпаққа жеткізу мақсатындағы іс-шаралар көптеп болса деп сөзін түйіндеді. Ұлы ақын Абай атамыздың 175 жылдығына орай өткізілген онкүндікке белсене араласқан мектептерді,байқауларға қатысып өз білімдерін ортаға салған жас мамандарды,өнерлі оқушы мен жетекші мұғалімдерді Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Г.Уразбаева мен қазақ тілі мен әдебиеті секторының жетекшісі Ж.Жумагуловалар құттықтады.Тағылымы мол,мәдени іс-шаралардың  нәтижесі марапаттармен қорытындыланатын болады.

2m3m5m

1m4m6m7m8m

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz