«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ жоспарына сәйкес № 5 ОМ базасында қашықтық форматта 2020 жылғы 15 қазанда «№5 ОМ мектеп әдістемелік бірлестігінің білім беру кеңістігінде оқушыларды рухани-адамгершілік дамыту және тәрбиелеу» тақырыбы бойынша орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімдерінің қалалық әдістемелік бірлестік отырысы өткізілді.

Мектептің әдістемелік бірлестігінің жұмысын мектеп әдістемелік бірлестігінің жетекшісі С. Н. Шевцова таныстырды. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М.Ж. Дусенбина Е. Евтушенко мен А. Вознесенкскийдің поэзиясы арқылы рухани-адамгершілік тәрбиесін айқын көрсететін сабағын өткізді. А.В.Коровина әдебиет сабақтарында тұлғаның рухани-адамгершілік дамуына ықпал ететін әдістер мен тәсілдер туралы коучингін ұсынды.

Педагогтардың назарына «Ұлы тұлғалар үндестігі – Абай мен Пушкин» атты сыныптан тыс іс-шараның ролигі ұсынылды. Қалалық әдістемелік бірлестік жұмысына 58 педагог қатысты, олар өтілген іс-шараға кері байланыс ұсынды.

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz