«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес 2020 жылғы 28 қыркүйек пен 09 қазан аралығында «Мені Абай шабыттандырды» атты сырттай қалалық балалар суреттері байқауы өткізілді. Байқауды ұйымдастырудың мақсаты балаларды көркем құндылықтарға баулу негізінде Абай шығармашылығына деген мақтаныш пен сүйіспеншілікке, патриотизмге тәрбиелеу болып табылады. Байқауға 28 мектепке дейінгі ұйымдар қатысты: № 2,3,4,5,8,12,13,15,16,17,44,51,54, бөбекжай-бақшалары, АБВГДейка, Айгерим-ай, Ақбота, Антошка, Аружан, Балажан, Балауса, Белоснежка, Гнездышко, Диами, Жемчужина, Мерей, Қуаныш академиясы, Отбасылық, Ясмин.

Балабақша ұжымдары өз Отанына деген адамгершілік-патриоттық сезімді тәрбиелеуге бағытталған суреттер ұсынды.

     Қазылар алқасы қалалық байқаудың қорытындысын шығарды. Жеңімпаздар:

1 орын – «№44 бөбекжай-бақшасы» МКҚК тәрбиеленушісі Конысбай Жаннұр;

        2 орын –«№17 бөбекжай-бақшасы» МКҚК тәрбиеленушісі Ильясова Айзада, «Антошка» балабақшасының тәрбиеленушісі Ишбулдина Милена;

        3 орын – «№15 бөбекжай-бақшасы» МКҚК тәрбиеленушісі Наранович Ярослав, «№51 бөбекжай-бақшасы» МКҚК тәрбиеленушісі Киселев Данил, «Ақбота» балабақшасының тәрбиеленушісі Вольтер Ангелина.

Байқаудың облыстық кезеңіне қатысу үшін жүлделі бірінші орынды жеңіп алған №44 бөбекжай-бақшасының тәрбиеленушісі Қонысбай Жаннұр жіберілді.

1m2m3m

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz