«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ жұмыс жоспарына сәйкес 2020 жылдың 19 қарашада № 1 МЛ-де «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында заманауи сабақты құрылымдаудың инновациялық тәсілдері» тақырыбы бойынша тарих және география пәні мұғалімдеріне арналған семинар қашықтық форматта өткізілді.

Семинардың негізгі мақсаты жаңартылған білім беру мазмұны аясында тарих және география мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру болды.

          Семинар бағдарламасына сәйкес бірінші сұрақ тарих және география секторының басшысы Б.Е. Ерденова жасаған «Қашықтықтан оқыту - оқу процесін ұйымдастырудың бір түрі» тақырыбындағы баяндама болды. Теориялық бөлімде география пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Б.М. Аубакированың «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында заманауи сабақты құрылымдаудың инновациялық тәсілдері» және тарих пәнінің бірінші санатты мұғалімі А.В. Козыбаеваның «Жаңартылған білім беру мазмұны аясындағы заманауи сабақ құрылымы» атты баяндамасы ұсынылды. Практикалық бөлімде география пәнінің мұғалімі, педагог-модератор С.С. Утегенованың «Жер саласы және оның құрамдас бөліктері» тақырыбы бойынша қысқа мерзімді жоспарлауы, санаты жоқ тарих пәні мұғалімі Ж.М. Басанованың «Көшпелі мал шаруашылығының пайда болуы. Неліктен көшпелі мал шаруашылығы Қазақстанның ежелгі тұрғындары шаруашылығының негізгі түріне айналды?» тақырыбы бойынша қысқа мерзімді жоспарлауы ұсынылды, олар заманауи сабақты құрылымдау бойынша өз тәжірибелерін көрсетті.

Кездесу соңында қашықтықтан оқытудағы білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша сабақ құрылымын құруда әдістемелік ұсыныстар берілді.

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz