2020 жылдың 19 қарашасында № 69 бөбекжай-бақшасында «Мектеп жасына дейінгі балалардың әлеуметтік–коммуникативтік және шығармашылық ойлауының тиімді квест-технологиясы» тақырыбында орыс тілінде оқытатын жоғары топ тәрбиешілерінің әдістемелік бірлестігі өткізілді. Аталған іс-шараның мақсаты мектепке дейінгі білім берудің жаңартылған мазмұнына сәйкес мектепке дейінгі жастағы ересек балаларды тәрбиелеу және оқыту процесін практикада тиімді ұйымдастыруға қабілетті педагогтердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.

Әдістемелік бірлестіктің басшысы Л.В.Лихограй тәрбиешілердің назарына 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын ұсынды. Отырыста мектепке дейінгі білім берудің жаңа тәсілдерімен таныстырды, балаларды тәрбиелеу мен оқытудағы педагогикалық тәсілдердің өзектілігін атап өтті. № 69 бөбекжай-бақшасының ересектер тобының тәрбиешісі Ю.В. Радикульцева «Күшіктер патрулінің командасына көмектесеміз» тақырыбы бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің шебер-сыныбын көрсетті. № 2 бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Мищенко Лариса Александровна «Ертегілер бізге келуге асығады» әдістемелік құралының жұмыс тәжірибесімен бөлісті. № 69 бөбекжай-бақшасының әдіскері Т.Б.Жихарева отырыста баланың даралығын, оның дербестігін, бастамашылдығын, іздеу белсенділігін дамытуға бағытталған инновациялық квест-технологиясын қолдануды ұсынды. Сондай-ақ, балабақшада квест ойындарын пайдалану балаларды оқытудың дәстүрлі түрлерінен аулақ болуға және білім беру кеңістігін едәуір кеңейтуге мүмкіндік беретінін танытты.

Отырыс аясында тәрбиешілер мектепке дейінгі білім берудің оң үрдістерін, одан әрі жұмыс істеу жетістіктерін атап өтті.

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz