2020 жылдың 20 қарашасында Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері үшін «Балаларды мектепте оқуға дайындаудың факторы ретінде өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында қалалық онлайн-семинар өткізілді. Аталған іс-шараға мектепке дейінгі ұйымдардың, шағын орталықтардың 70-тен астам педагогтары қатысты. 

Семинар аясында № 3, 40 бөбекжай-бақшаларының әдістемелік қызметтерінің тәжірибелері ұсынылды.  № 3 бөбекжай-балабақшасының әдіскері О.В.Бабий мектеп жасына дейінгі балалардың өз бетінше оқу дағдыларын қалай дамыту туралы өз тәжірибесімен бөлісті. № 40 бөбекжай-бақшасының әдіскері мектеп жасына дейінгі балалар қандай негізгі дағдыларды меңгеруі тиіс екенін айтты.

Жаңарту жағдайында мектеп жасына дейінгі мұғалімдер алдында мәселе туындады: «Мектепке дейінгі ұйымдарында  тәрбие мен оқыту сапасын қалай арттыруға болады?» Осыған байланысты мектепке дейінгі тәрбие секторының басшысы К.Ж. Уразбекова қазіргі заманғы мектепке дейінгі жастағы балаға қажетті өзін-өзі оқыту дағдылары туралы айтып берді.

Семинардың баяндамалары мен материалдарының мазмұны мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту өзіндік білім беру қызметін жандандыру үшін жақсы мотивациялық негіз болып табылатынын көрсетті.

Іс-шара қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға семинар тақырыбы бойынша әдістемелік ұсынымдар жобасы ұсынылды.

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz