«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ жұмыс жоспарына сәйкес 2020 жылғы 20 қарашада балалар мен ересектерге консультациялық-құқықтық көмек көрсету мақсатында «Қамқор» балалар қоғамдық қабылдау бөлмесінің отырысы өтті.

Отырыс БКБ арқылы өткізілді.

Отырысқа Қостанай облысы Нотариаттық палатасының өкілі Талтанова Жанат Закировна, Қостанай облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының өкілі Абаева Алима Калкамановна, Қостанай қаласы пробация қызметінің өкілі Жайсанбекова Балнұр Пердибекқызы және «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі» ММ өкілі Досов Олжас Муратович, сондай-ақ қамқоршылар, патронаттық тәрбиешілер, ата-аналар, әлеуметтік педагогтар, мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары шақырылды.

Барлығы – 70 адам.

Қоғамдық қабылдау жұмысы барысында 2020 жылы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру, ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналардан алименттер өндіріп алу, қорғаншылар, қамқоршылар үшін нотариаттық қызметтер көрсетуге жеңілдіктер, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға, оның ішінде жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тиесілі жылжымайтын және жылжымалы мүлікпен жасалатын нотариаттық мәмілелер және кәмелетке толмағандардың құқықтары мен оларды қорғау саласындағы басқа да мәселелер бойынша сұрақтар қойылды.

Барлық қатысушылар құзыретті органдардың мамандарынан толық және мазмұнды жауаптар алды.

1m2m

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz