Жыл сайын қалалық балалар шығармашылығы мектебінің базасында Қостанай қаласы әкімінің жаңа жылдық көшбасшылар шыршасы ұйымдастырылады.

Биыл көшбасшылардың кездесуі 2020 жылдың 28 желтоқсанында, барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып,  он-лайн форматта өтті.

Іс-шараға  оқуда, спорт бағытында жоғары нәтижелерге қол жеткізген, облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі конкурстарда жүлдегер атанып, жеңіске жеткен 105 мектеп көшбасшысы қатысты.

Қостанай қаласының әкімі Қ.Ж.Ахметов ең үздік деп танылған 10 оқушыға «Үміт» статуэткасын және алғыс хаттарды табыстады. Салтанатты шараға қалған 95 қатысушы бейнеконференцбайланыс арқылы қосылды.

Әр оқушыға тәтті және жаңа жылдық сыйлықтар берілді (Power bank, HD Web камера, 3D қалам, рюкзак, құлаққаптар, акустикалық колонка).

Балаларды Аяз ата мен Ақшақар  құттықтап,  салтанатты іс-шара қатысушылар мен ата-аналарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

1m2m3m4m

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz