2020 жылғы 25 желтоқсанда «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ-нің 2020 жылға арналған жұмыс жоспары шеңберінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмысқа жетекшілік ететін директорлардың орынбасарлары үшін онлайн форматта «Басқарушылық жаппай оқыту: ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалармен жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында семинар өткізілді.

     Семинар жұмысына 35 білім беру ұйымдары басшыларының орынбасарлары қатысты.

     Семинар директорлар орынбасарларының кәсіби құзыреттілігін арттыру, арнайы және жалпы білім беретін сыныптарда ЕБҚ бар балаларды жеке сүйемелдеу үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету мақсатында өтті.

         Семинар аясында білім бөлімінің ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүйесі ұсынылды.

         «Қашықтықтан оқыту кезеңінде жалпы білім беретін сыныптарда ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» мәселесі бойынша №18 МГ директорының оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары А. К. Исатаева сөз сөйледі.

Инклюзивті білім беруді ұйымдастыру бойынша мектептің жұмыс тәжірибесімен №21 ОМ педагог-психологы А. Ж. Бримжанова бөлісті.

Сонымен қатар, №7 ОМ директорының ғылыми - әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары А.Ж. Нургалиева, география пәнінің мұғалімі М.В. Широбокова «Инклюзивті және арнайы білім берудің үздік тәжірибелерінің кейсі» жинағын көрсетті.

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz