Қысқы каникул кезеңінде Қостанай қаласының мектептерінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылғы 30 желтоқсаннан 9 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің оқушылардың пайдалы және белсенді қызметін ұйымдастыру жүйесін дамытуға және жетілдіруге бағытталған ұсынымдарын ескере отырып «Қазақстан балалары –қысқы ғажайып!» атты іс-шаралар жоспары іске асырылады.

«Қауіпсіздікті қамтамасыз ету» бағытында қала мектептерінің оқушыларымен қауіпсіздік негіздері тақырыптарында қашықтықтан байланыс сағаттары өткізіледі. ЖҚЕ ережелері. Кешкі уақыт. Мұзды төбешік. ЖКО алдын алу.

«Балалар шебер-сыныптары» бағытында: Өз қолдарымен ашық хат. Жаңа жылдық ойыншық. Қыс мезгілін сипаттау. Қызықты тәжірибелер: «Өз қолыңызбен жасаған ғажайыптар» қашықтықтан өткізілетін байқауларға оқушылар белсенді қатысады.

«СӨС» акциясы аясында оқушылармен қызықты және танымдық іс – шаралар өткізіледі: әлемнің, Қазақстанның атақты спортшылары туралы онлайн-әңгіме. Қалай денсаулықты жақсартуға болады. Пайдалы кеңестер. Қыста спортты жақсы көрудің 5 себебі. Спорттық калейдоскоп.

«Эстетикалық» бағыт аясында мектеп оқушылары өздерінің музыкалық таланттары мен шығармашылық қабілеттерін үлкен қызығушылықпен көрсетті: «Таланттар әлемі!» балалар қойылымдарының ресми беттеріндегі көрсетілімі (ән, би, шешендік өнер). Жаңа жыл есікті қағып тұр. Жаңа жылдық құттықтау челленджі. Мен қысты жақсы көремін, өйткені ... Би марафоны. Жаңа жыл біздің отбасымызда. Отбасылық шеберхана. Біздің отбасылық жәдігерлер және т. б.

Мұндай демалыстар балаларға келесі оқу сабақтары үшін барынша демалуға және қуат алуға мүмкіндік береді, олар уақытты тиімді және пайдалы өткізеді.

1m

2m3m4m5m

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz