Халықтың ұлттық бірегейлігінің негізін мәдени мұра құрайды. Кез келген ұлттық идеологияда дәстүрді, әдет-ғұрыпты, мәдениетті, тілді сақтау және көбейту мүмкіндігі құндылық болып табылады. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы - осы бағыттағы сілтеме жол.

Еліміздің рухани жаңғыруының көрінісі латын әліпбиіне көшу болып табылады. Бүгінде бүкіл әлем халқының 80% - ы латын графикасын пайдаланады. Сондықтан латын әліпбиін білетін отандастарымыз әлемнің түкпір-түкпірінен ақпарат алып, адамдармен хабар алмасады. Көптеген жетекші әлемдік державалар сөйлейтін тілдер латын әліпбиіне негізделген. Демек, реформа халықаралық тәжірибені қабылдауға және әлемге өз мұрасын көрсетуге мүмкіндік береді.

Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңмен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 49-тармағына сәйкес ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен латын графикасына көшіру бойынша түсіндіру бейне блоктарын әзірлеген.

Бұл бейнероликтерді «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ ресми сайтында «Рухани жаңғыру» айдарында қарауға немесе https://kst-goo.kz/ru/rukhani-zhangghyru/perekhod-na-latinskuyu-grafiku/3356-rukhani-zhangghyru-perekhod-na-latinitsu-shag-v-global-nyj-mir сілтеме бойынша өтуге болады.

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz