Қостанай қаласының білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласындағы оқушылардың шығармашылық қызметін ынталандыру және жандандыру мақсатында 2020 жылғы 4 қараша мен 31 желтоқсан аралығында қашықтық форматта жыл сайынғы «Үздік мектеп сайты – 2021» қалалық байқауы өтті.

Байқауға барлығы Қостанай қаласының 29 білім беру ұйымы қатысты, олар 8 апта бойы байқаудың 11 номинациясында тартысқа түсті. «Келушілерді таңдау» номинациясының жеңімпаздары мен лауреаттары онлайн дауыс беру нәтижелері бойынша анықталды, қалған номинацияларда жеңімпаздарды сараптамалық қазылар алқасы анықтады.

Байқау қорытындысы бойынша «Үздік мектеп сайты – 2021» номинациясында №115 орта мектеп жеңімпаз болып танылды, екінші орынды №28 мектеп-гимназиясы, ал үшінші орынды №122 орта мектеп иеленді.

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz