Ағымдағы жылдың 19 ақпанында білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлеріне Көшбасшылық мектеп: «Мектепке дейінгі білім беруді жаңарту жағдайындағы НҚА».тақырыбы бойынша семинар өткізілді. Аталған іс-шараға 60-тан астам педагог қатысты.

Семинар барысында жаңартылған жағдайдағы мектепке дейінгі білім берудің нормативтік-құқықтық актілері қаралды.

 

Өз сөзінде мектепке дейінгі тәрбие секторының әдіскері Г.Ж. Уразбекова мектепке дейінгі білім беру бойынша 2020-2025 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың негізгі бағыттарына тоқталды.

Семинар барысында тыңдаушылар алдында сөз сөйледі:

- №8 бөбекжай-балабақшасының әдіскері Е. А. Захарова балабақша педагогтарының педагогикалық әдеп қағидаларын сақтау бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті;

- №5 бөбекжай-балабақшасының әдіскері Д. Ж. Досмакова мектепке дейінгі білім беру стандарттары мен талаптарына сәйкес балалардың біліктері мен дағдыларының дамуын бағалау бойынша мониторинг жүргізудің бірыңғай тәсілін қамтамасыз ету туралы айтты;

- №51 бөбекжай-балабақшасының әдіскері С.П. Ионова аттестаттау кезінде педагогтерді әдістемелік сүйемелдеу аясында жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Семинар материалдарының мазмұны мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту педагогтердің өз бетінше білім алу қызметін жандандыру үшін жақсы мотивациялық негіз болып табылатынын көрсетті.

6e8bc29d-4e9d-4197-857b-d7a197138885.jpg

37cd6912-186d-4dc2-8c49-eaeb6cc6c0be.jpg

702c541c-2209-4e30-bc9e-8ba75b342719.jpg

b779b263-5f1c-4566-8412-7b1865543054.jpg

e36dadd3-55a4-47ce-bf9b-93fad6c001ce.jpg

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz