Дене шынықтыру бойынша нұсқаушылардың үздіксіз білім беру жүйесінің тиімді нысандарының бірі жас педагог мектебі болып табылады. Ағымдағы жылдың 18 ақпанында № 12 бөбекжай-бақшасында «5-6 жас аралығындағы тәрбиеленушілерде ойлау, коммуникативтік дағдыларды, командалық рухты қалыптастыру» тақырыбы бойынша Жас педагог-дене шынықтыру нұсқаушылары мектебінің отырысы өтті.

 

ЖКМ отырысына оны өткізудің түрлі нысандары кірді: шебер-сыныптар көрсету, доптың тарихымен танысу, доппен ойын жаттығуларын үйрету.

№ 4 бөбекжай-бақшасының тәжірибелі нұсқаушысы Э.Б. Исмагулова баскетбол элементтерін оқытуда, допты ұстап алуға және беруге үйретуде, мектепалды даярлық тобының балаларына доп лақтыруға үйретуде пайдаланылатын қозғалмалы ойындардың шеберлік сыныбын өткізді.

       Одан әрі № 12 бөбекжай-бақшасының дене шынықтыру нұсқаушысы И.А. Ножнина қатысушыларды доптың тарихымен таныстырды, доппен ойын жаттығуларын өткізді.

     Тақырып өзекті мәселелерді көрсетіп, әріптестердің жұмысына озық тәжірибені енгізуге көмектесті. Қорытындылай келе, дене шынықтыру нұсқаушылары көргендері туралы пікір алмасты.

f224d5da-f0fa-40a2-8134-cf12fbf06645.jpg

img_1416.jpg

img_1470_copy.jpg

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz