Бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес, балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу, бастауыш сынып оқушыларына көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын үйрету, жол қозғалысы ережелерін білу сапасын жақсарту мақсатында 2021 жылғы 16 ақпанда онлайн-режимде 5-11 сынып оқушылары арасында Жол қозғалысы ережелері бойынша Олимпиада өткізілді. Олимпиадаға Қостанай қаласының 34 жалпы білім беретін мектептерінен 226 бастауыш сынып оқушылары қатысты.
Іс - шара аясында оқушылар арасында онлайн-режимде тестілеу өткізілді. Қатысушыларға жол қозғалысы ережелерінің бөлімдері бойынша 20 сұрақ бойынша тест ұсынылды.
Қорытындысы бойынша жеңімпаздар жарияланды:
- Жалпы командалық есепте: физика-математика лицейі 1 орын , № 16 ЖББМ 2 орын, № 23 ЖББМ 3 орын ; негізгі орта мектептер арасында: № 14 ЖББОМ 1 орын, № 25 ЖББОМ 2 орын, № 13 ЖББОМ 3 орын иеленді.
- Жүлделі орындар үшін Олимпиаданың 33 қатысушысы Білім бөлімінің және Полиция басқармасының грамоталарымен марапатталады.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!