2021 жылы 19 ақпанда №5 МГ «А» базасында  «Жалпыадамзаттық құндылықтар рухани-адамгершілік мектеп оқушыларын тәрбиелеу» тақырыбында өзін-өзі тану мұғалімдерінің қалалық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті (ZOOM арқылы).

 Бұл іс-шараның эпиграфы педагог-гуманист, мұғалім Ш.А. Амонашвилидің: «Рухани ізденістің биіктігі оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасында ерекше, сенім орын алады, ал білім-адамға жүрекпен ақыл арқылы беріледі, өткені ол адам жанына сүйіспешілік арқылы жол табады...,- дегендей, бала тәрбиесіндегі ең бастысы-рухани тәрбие» деген сөздері болды.

Білім бөлімінің әдіскері В.Н.Тихон  педагогтарды «Бөбек» ҰҒПББСО әзірлеген қашықтықтан оқыту шарттарындағы өзін-өзі тану сабақтарын ұйымдастыру және өткізу бойынша әдістемелік әзірмелермен таныстырды.

№5 МГ «А» ГӘЖ жөніндегі директордың орынбасары К.З. Амренова өзін-өзі тану сабақтарының призмасы арқылы жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыру бойынша мектеп-гимназиясының жұмыс жүйесін ұсынды.     

№2 МЛ өзін-өзі тану педагогтары қалалық қауымдастығының мүшесі, педагог-психолог, өзін-өзі тану мұғалімі И.С.Марченко өз сөзінде қазіргі әлемнің жаһандық мәселелерінің  рухани-адамгершілік сипатына назар аударды, «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік пәні бағдарламасының басымдықтарын практикалық мысалдарда ашты.

            Отырысқа Нұр-Сұлтан қаласының өзін-өзі тану пәні мұғалімдері (Өзін-өзі тану пәні мұғалімдері қауымдастығының мүшесі, №2 МЛ өзін-өзі тану мұғалімі Л.С.Темирова), Қарағанды қаласының (№10 ЖББМ жоғары санатты педагог-психологы (педагог-зерттеуші), «Өзін-өзі тану» АРБ бағдарламасы бойынша нұсқаушы Т.В.Любчанская), Шығыс Қазақстан облысының мұғалімі («Жарма ауданы білім бөлімінің  Маяковский атындағы орта мектебі» КММ өзін-өзі тану мұғалімі, И.Т.Тагиева) Әріптестер өзін-өзі сабақтарында рухани-адамгершілік негіздерін қалыптастыру бойынша жұмыс тәжірибелерімен бөлісті, «Өзін-өзі тану» пәні мен басқа пәндерді интеграциялау сабақтарынан мысалдар келтірді.  

Іс-шараның бағыты тәжірибе алмасудың  жаңалығын білу және енгізу, әріптестердің пікірі, құнды ұсыныстары болып табылды.

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz